Korean Broadcasting System телекомпаниясының түсірілім тобы Бурабайда болды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Қазақстан жайлы бағдарлама түсіруге келген Оңтүстік Кореяның ең танымал Korean Broadcasting System телекомпаниясы Бурабай курортында болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облыстық Visit Aqmola туристік ақпараттық орталығының мәліметі бойынша, Korean Broadcasting System Оңтүстік Кореядағы ең танымал ірі телекомпаниялардың бірі және аталмыш ұжым Қазақстан туралы телебағдарлама түсірмекші.

«Бағдарлама туристер (бэкпеккрах) туралы болмақ. Түсірілімге Қазақстандағы Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары сияқты көрнекті орындар мен табиғаты ғажайып Бурабай курорты таңдап алынған. Түсіру тобы курортты аймақта Наурыз мейрамының тойлану барысын тамашалап, қазақ халқының бай мәдениетімен танысты, түрлі спорттық ойындарды көріп, ұлттық тағамдардан дәм татты», - дейді ведомство өкілдері.

Шетелдік түсірілім тобы Бөлектаудың шыңына шығып, Бурабай курортының теңдессіз әсем табиғатын тамашалады. Жергілікті тұрғындармен кездесіп, демалып жатқан туристермен сұхбаттасты.
null

«Ақмола облысының әкімдігі мен облыстық туризм басқармасы «Kazakh Tourism» ҰК АҚ-мен бірлесіп өңірді жарнамалау мақсатында ірі телекомпаниялар мен туроператорлар тартуда. Өңірге Оңтүстік Корея өкілдерінің келуі туристердің Бурабай курортына қызығушылығы мен назарын арттыра түсетіні сөзсіз. Бұл бағыттағы жұмыстар одан әрі жалғасатын болады. Жыл ішінде өңірге еуропалық және азиялық тағы бірнеше ірі телекомпания өкілдері келеді деп күтілуде. Олар Бурабайда болып, курортты өңір туралы көрермендеріне бағдарлама түсіреді», - деп бөлісті Ақмола облысы әкімінің орынбасары Марат Иғалиев.

null

Соңғы жаңалықтар