Korean Air әуе компаниясының бұрынғы топ-менеджері ерсі қылығы үшін кешірім сұрады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Кореяның «Korean Air» әуе-компаниясының бұрынғы вице-президенті Чо Хён Нью-Йорктен қатынайтын рейстің кешігуіне өзі кінәлі болғандықтан және өзі басшылық ететін әуе кемесінің ішіндегі тәртіп үшін кешірім сұрады, деп жазады ВВС.

Ол - әуе компаниясы президентінің қызы. Оған ұшар алдында ұшақтың ішіндегі қызмет көрсету ұнамапты. Ол аспансерігінің тұздалған жаңғақты тәрелкемен емес, қалташамен әкелгенін жақтыртпай капитаннан әуежай терминалына оралып, аспансерік қыздардың біреуін тастап кетуді талап еткен.

Соның кесірінен Нью-Йорктен Инчхонға ұшқан ұшақ рейсі 20 минутқа кешігіп қонған.

Осы жанжалдан кейін Чо Хён компанияның вице-президенті қызметінен кетті. Оңтүстік Корея Үкіметі рейстің кешігуіне себеп болған бұл оқиғаны тергеуге алды.

Соңғы жаңалықтар