«Korea open 2018» турниріне 10 қазақстандық қатысады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Кореяда таеквондодан G2 санатындағы «Korea open 2018» халықаралық турнирінде ел намысын қорғайтын спортшыларымыздың есімдері белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР ҰОК-нің таратқан мәліметтеріне сүйенсек, аталған дода Чеджудо - Чеджу аралында  шілденің 18-24 аралығында өтпек. Онда ел намысын он (5 қыз, 5 ер) таеквондошы қорғамақ. Ерлер арасында Елдос Ысқақ (58 келі), Қазбек Бақтиярұлы (63 келі), Ерасыл Қайырбек (68 келі), Нұрлан Мырзабаев (80 келі) және Руслан Жапаров (+80 келі) сынға түссе, қыздар арасында Айнұр Есбергенова (49 келі), Фариза Алдонғарова (53 келі), Маржан Төлепбергенова (57 келі), Ақсәуле Ерқасымова (68 келі) және Дениз Джансель (+ 67 келі) ел намысын қорғайтын болады.

Таеквондоның отанында бұл турнир жоғары дәрежеде өткізіледі.

Соңғы жаңалықтар