+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Қордайдан Шуға аттанған 500-ге жуық дүнген отбасы 150 гектар жерге пияз өсіруде

2020 жылғы 5 шілде 08:45
Бөлісіңіз:
Қордайдан Шуға аттанған 500-ге жуық дүнген отбасы 150 гектар жерге пияз өсіруде

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Көктемде Жамбыл облысының Қордай ауданынында дәстүрлі түрде көкөніс дақылдарын өсірумен айналысатын дүнген отбасылары Шу ауданына аттанған болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шу ауданына жұмыс сапары барысында Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев фермер Лұқмар Сандуров пен тағы екі отбасының егіс алқаптарына атбасын бұрды. Олар 150 гектар жерге пияздың «Манас» сортын өсіруде. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Масаншы ауылының тұрғындары магистралды каналдың жағасына қуатты сорғыш пен су резервуарын орнатып, сол арқылы тамшылатып суару әдісін қолданып отыр. Диқаншылардың айтуынша, биыл олар бір гектардан кем дегенде 80 тоннадан пияз жинауға ниетті. Өнімін еліміздің әр аймақтарына жеткізбек» делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Айта кету керек, биыл Қордай ауданынан 467 дүнген отбасы Шуға келіп, егіс жұмыстарын жүргізу үшін 8300 гектардан астам жер алған. Қордай ауданындағы қайғылы оқиғалардан кейін кейбіреулер дүнген ағайынның іскерлік белсенділігіне қатысты теріс болжам жасаған болатын.

Дегенмен, бүгінгі таңда бұл еңбекқор халықтың өкілдері өздерінің сүйікті ісімен айналысып, құнарлы Шу өңірінде егістік жұмыстарын сәтті жүзеге асыруда.

Бердібек Сапарбаев Л.Сандуровқа пияз өсімінің жақсы жағдайы үшін ризашылығын жеткізіп, қолданылған тыңайтқыштың сапасы, жұмылдырылған еңбек күші мен жалақы мөлшері туралы сұрады.

Сонымен қатар, өнімді келесі көктемге дейін шығынсыз сақтап отыру үшін қолайлы қойма салуға кеңес берді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қажы Мұрат

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT