Қордайдағы жол апатынан көз жұмған тағы бір азаматтың жеке тұлғасы анықталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жамбыл облысы Қордай ауданындағы ірі жол апатынан қаза тапқан тағы бір жолаушының жеке тұлғасы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Жамбыл облысындағы жол-көлік оқиғасынан көз жұмған тағы бір азаматтың кім екені белгілі болды. Ол - Қазақстан азаматы», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін ІІМ марқұмдардың ішінде бір адамның жеке тұлғасы анықталмағанын жариялаған болатын.

Еске сала кетейік, бүгін «Алматы-Ташкент» автожолының бойында ірі жол апаты болып, 11 адам қаза тапты. Тағы 5 адам ота үстелінде, ал 3 адам жансақтау бөлімінде жатыр. Қазір облыста жедел штаб құрылған. Психологтар кезекшілігі қосылған «қауырт желі» +7 (7262) 513575 және +7 (7262) 514167 жұмыс істеп тұр. ІІМ мәліметінше, апатқа ұшырағандар арасында Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстан азаматтары бар.

Сондай-ақ, оқиғаға қатысты Сенат төрағасы Дариға Назарбаева марқұмдардың туыстарына қайғырып көңіл айтты. Ал Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевке көңіл айту жеделхатын жолдады.

Соңғы жаңалықтар