Қордайдағы жол апаты: зардап шеккендер арасында Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстан азаматтары бар

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Алматы-Ташкент тас жолында апатқа ұшырағандар арасында Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстан азаматтары бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Жамбыл облысының Қордай ауданындағы қайғылы жол апатында оқиға орнында 8 адам қаза тапты. 32 адам медициналық мекемелерге жеткізілді. Оның ішінде тағы үшеуі алған жарақатынан ауруханада қайтыс болды. Жол-көлік оқиғасында қаза тапқан 11 адамның ішінде 7 - Қазақстан азаматы, 3 - Өзбекстан азаматы болғаны анықталды, бір адамның қай елдің азаматы екендігі әзірге анықталуда. Ауруханаға жеткізілген зардап шегушілер арасында қазақстандықтар, Өзбекстан және Тәжікстан азаматтары бар» делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бүгін Алматы-Ташкент тасжолында ірі жол апаты болып, 11 адам қаза тапты. Қазір облыста жедел штаб құрылған. Психологтар кезекшілігі қосылған «қауырт желі» +7 (7262) 513575 және +7 (7262) 514167 жұмыс істеп тұр.

Жол-көлік оқиғасы бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Соңғы жаңалықтар