Қордайдағы жол апаты: Мәулен Әшімбаев марқұмдардың туыстарына көңіл айтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев Жамбыл облысында орын алған ірі жол апатында көз жұмған марқұмдардың отбасына көңіл айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат төраға орынбасарының Фейсбуктегі парақшасына сілтеме жасап.

«Жамбыл облысындағы ірі жол апаты туралы суыт хабар менің де көңілімді құлазытып жіберді. Осыған байланысты өзімнің және «Nur Otan» партиясының атынан апат салдарынан қаза болғандардың отбасы мен туған-туыстарына қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын. Сондай-ақ зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестігімді білдіремін», - деп жазды Мәулен Әшімбаев.

Оның айтуынша, қазіргі таңда осы оқиғаға қатысты арнайы комиссия құрылып, облыстық әкімдік тарапынан шұғыл түрде тиісті жұмыстар жүзеге асырылып жатыр.

«Бұл жұмыстарға «Nur Otan» партиясы да белсене араласып, қажетті шараларды қолға алды», - дейді партия төрағасының орынбасары.

Соңғы жаңалықтар