Қордайдағы жағдайдан зардап шеккендерге мемлекет қандай көмек көрсетеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қордай ауданында қақтығыс салдарынан зақымдалған нысандарды қалпына келтіру жұмыстары басталып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Еске сала кетсек, 8 ақпанда Қордай ауданында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен құрылған үкімет комиссиясы қайғылы оқиға салдарын жою үшін Қордайға келген болатын. Комиссияны Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев басқарады. Комиссия құрамына мәжілісмендер, министрліктер мен ведомстволардың өкілдері кіріп отыр.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Шакир Хахазов ҚазАқпарат тілшісінің сұрағына берген жауабында комиссия жанжалдың себептерін анықтаумен, әлеуметтік-экономикалық және гуманитарлық мәселелерді шешумен, зардап шеккендерге көмек көрсетумен айналысып, нысандарды қалпына келтіру жұмысын ұйымдастырып жатқанын айтты. Соңғы мәліметке сенсек, 25 тұрғын үй, 31 коммерциялық нысан мен 41 автокөлік зақымдалған.

«Жанып кеткен нысандарға қатысты комиссия жұмыс істеп жатыр. Смета әзірленуде. Қазір жұмыс қарқынды жүріп жатыр, - деп сендірді мәжілісмен. - Қаза болғандардың отбасына қолдау туралы айтар болсақ, Бердібек Мәшбекұлы бәрін түсіндіріп берді. Біз бәрін халықпен ақылдасып, бірге талқылаймыз. Қалпына келтіру процестеріне қажет қаражат толығымен қамтамасыз етіледі».

Спикердің айтуынша, барлық мемлекеттік органдар аймақтағы тәртіпті қамтамасыз ету үшін белсенді жұмыс жүргізуде.


Соңғы жаңалықтар