Қордайдағы жағдай тұрақты - Бердібек Сапарбаев

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жамбыл обылысының әкімі Бердібек Сапарбаев Қордайдағы оқиғадан кейін дүнгендердің көшіп жатқаны туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазір Қордайдағы жағдай тұрақты. Барлық залал орны толтырылды. Тек биыл бір ғана Қордай ауданына 35 млрд теңге ақша бөлінді. Соның нәтижесінде жаңадан 4300 жұмыс орыны ашылды. Қордай ауданының көптеген мәселелері, жол, ауызсу проблемасы шешілді. Қордай ауданында халықты газбен қамтамасыз ету деңгейі 95 пайызға жетті. Жылдың басында 47 пайыз болған. Кәсіпкерлік бағытында да өсім бар. Кейбір баспасөз құралында «дүнгендер басқа жаққа көшіп кетті, кәсібін жалғастыруға кедергі жасап жатыр» деген ақпарат тарап жатыр. Бәрін зерттедік. Олар бұрынғыдай Қордай, Шу ауданында, көршілес Алматы және Қарағанды облыстарында жұмыс істеп жатыр. Бірде-бір дүнген Ресейге немесе басқа мемлекетке көшіп кеткен жоқ», - деді Жамбыл обылысының әкімі Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Әкімнің айтуынша Қазақстан үшін қазір ең керегі – барлық ұлт өкілдерінің бірлігі.

«Екіншіден, қазақ халқы ашаршылық болсын, соғыс немесе репрессия болсын бір үзім нанын қасындағыларға бөліп берген. Ол туралы Елбасының айтқанын, берген тапсырмасын білесіздер. «Қазақ халқына мың алғыс» монументін аштық. Ол жерде тек бюджеттің ғана ақшасы жұмсалған жоқ, кәсіпкерлер де, демеушілер де көмек көрсетті», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар