Қордайдағы вакцина шығаратын зауыт қызметкерлеріне арналған көпқабатты 3 үй салынады

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Қордай ауданындағы вакцина шығаратын зауыт қызметкерлеріне арналып үш көпқабатты үй пайдалануға беріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қордай ауданына жұмыс сапары барысында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Гвардейский ауылына барды.

Мұнда биологиялық қауіпсіздік мәселелері институтының негізінде фармацевтикалық зауыттың ғимараты бой көтерген. Жоба бойынша жылына 60 миллион доза түрлі вакциналар шығару жоспарланып отыр десек, оның ішінде коронавирусқа қарсы вакцина да бар.

Аймақ басшысы нысанның бірнеше қабатын аралап, таза ғимарат кешенімен танысты.

Сондай-ақ, зауытты пайдалануға беру мәселесі бойынша кеңес өткізді.


Бердібек Сапарбаев қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету жұмыстарына тиісті бақылаудың болуына назар аудартты.

Ол мүдделі тараптарды нысанның барлық GMP стандарттарына сәйкес келуін қамтамасыз ету үшін бірлесіп жұмыс істеуге шақырды.

Зауытқа жақын маңда институт қызметкерлеріне арналып 3 көпқабатты тұрғын үй салуға орын бөлінген. Бүгінде 60 пәтерлі үйдің бірінде ішкі әрлеу жұмыстары жүруде, ал екі көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы ағымдағы жылы басталады.

Бердібек Сапарбаев 60 пәтерлі үйде жүріп жатқан әрлеу жұмыстарын наурыз айында аяқтауды тапсырды. Жоба бойынша мұнда 1, 2 және 3 бөлмелі пәтерлер болады.


Соңғы жаңалықтар