Қордайдағы төбелесте жарақат алған 8 адамның жағдайы ауыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева Қордайдағы қақтығыс салдарынан 165 адамның зардап шеккенін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«9 ақпан сағат 11.00-дегі мәлімет бойынша төбелес салдарынан 165 адам зардап шекті. Олардың бәрі медициналық көмек алуға келген. Тұрғылықты жері бойынша мелициналық ұйымдарға - 140 адам, Қырғызстандағы медициналық ұйымға - 25 адам жүгінген. Ауруханаға жүгінгендердің ішінде 115 адамға амбулаториялық ем жасалды. Яғни, амбулаториялық көмек дегеніміз - тәулік бойы бақылауды қажет етпейтін ем түрі», - деді Ләззат Ақтаев ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуына қарағанда, жалпы 50 адам, оның ішінде 40 адам - Қазақстанның, 10 адам - Қырғызстанның ауруханаларына жатқызылған.

«Қазақстандағы ауруханаға жатқызылғандардың ішінде тұрақты ауыр жағдайда 30 адам, ал аса ауыр жағдайда 8 адам бар. Қайтыс болғандардың саны – 10. Оқиға орнында 8, ал тағы 2 адам медициналық мекемеде қайтыс болды. Қазіргі таңда әлі 8 адам жансақтау бөлімінде жатыр», - деді Ләззат Ақтаева.

«14 жедел жәрдем көлігі жұмылдырылған. Оның ең алғашқысы тоғыз минуттың ішінде жеткен. Сонымен қатар санавиация бригадасы да тартылды. Екі тікұшақтың көмегімен зардап шеккен ауыр жағдайдағы екі адам Алматыға жеткізілді. Олар Алматы қаласындағы №7 клиникалық ауруханаға жатқызылды. Төрт адам жерүсті көлігімен жеткізіліп, екеуі - қалалық төртінші ауруханаға, біреуі – жедел медициналық көмек ауруханасына, қалған біреуі – Алматыдағы көпқызметті №6 клиникалық ауруханаға жатқызылды», - деді Ләззат Ақтаева.

Вице-министр зардап шеккендерді емдеуге білікті дәрігерлердің тартылғанын айтып өтті.


Соңғы жаңалықтар