+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Қордайдағы қақтығыс: Қандай жұмыстар жүргізілді

2021 жылғы 21 сәуір 18:53
Бөлісіңіз:
Қордайдағы қақтығыс: Қандай жұмыстар жүргізілді

ҚОРДАЙ. ҚазАқпарат – Былтыр Қордай ауданында болған оқиға кезінде Масаншы ауылындағы бірқатар үй мен кәсіпкерлік нысан зардап шеккен болатын. Бүгін БАҚ өкілдеріне аудан әкімі Рүстем Дәулет осы уақыт аралығыда қандай жұмыстар жүргізілгенін айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Былтыр мемлекеттен аудандағы 392 жобаға 35 млрд теңге бөлінді. Оның ішінде 11 млрд теңгеге 22 ауыл газдандырылып, аудан бүгінде 95 пайыз газбен қамтылды. Сол сияқты, 6,9 млрд теңгеге көшелер жөнделді»,-дейді аудан әкімі.


Қақтығыс кезінде Масаншы, Бұлар батыр және Аухатты ауылдарында 65 нысан зақымданды, оның ішінде 46 тұрғын үй, 18 коммерциялық ғимарат, 1 қосалқы ғимарат және 62 көлік (47 жеңіл машина, 9 жүк көлігі, 2 трактор, 4 тіркеме). Бүгінде олардың бәрі мемлекет және демеушілер тарапынан қалпына келтірілді.

ҚР «Азаматтық қорғау туралы» Заңына сәйкес, ең алдымен тұрғын үй өтелуге жатады. Осыған байланысты сметаны қайта есептеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 213 млн теңгеге 54 жылжымайтын мүлік нысаны жөнделді.

Бүгінгі күні 51 нысанның құрылысы басталды (40 үй, 11 коммерциялық), 39-да (30 үй, 9 коммерциялық) құрылыс толығымен аяқталды. Қалған 12 (10 үй, 2 коммерциялық) нысанда жұмыс 80% -ға орындалды. Құрылыс жұмыстарына бөлінген 213 млн теңгенің 175,4 млн теңгесі жұмсалды.


Тұрғын үйлерді толық қалпына келтіру тамыз айында, ал коммерциялық нысандарды қыркүйекте аяқтау жоспарда.

Өрттен зардап шеккен 39 отбасына әлеуметтік көмек көрсету үшін облыстық бюджеттің резервінен 20 677,8 теңге бөлінді. Оның ішінде әр отбасына 530,2 мың теңге (200 АЕК) төленді.

Қайтыс болған бір азаматтың 960 мың теңге несиесі төленді және жерлеу рәсіміне қаржылай көмек көрсетілді. Сонымен қатар, 9 дүнген ұлтының отбасына 250 мың теңге көлемінде материалдық көмек көрсетілді.

Дүнген этномәдени бірлестіктері тарапынан, Сортөбе және Қаракемер ауылдарының тұрғындары және Қордай ауданының кәсіпкерлері 4,7 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетті. Қайырымдылық көмектен бөлек, «ҚР Мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айрылуына байланысты мемлекеттік әлеуметтік төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 маусымдағы Заңына сәйкес мүгедектігі бойынша жәрдемақы алуға байланысты қайтыс болған азаматтардың екі отбасына 15,2 АЕК немесе 41 621 теңге төленді. Сондай-ақ, 18 жасқа дейінгі балалары бар қайтыс болған 9 отбасы мүшелеріне асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша жәрдемақы тағайындалды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059

MURAǴAT