Қордайдағы ірі жол апаты: «Қауырт желі» жұмыс істеп тұр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жамбыл облысының Қордай ауданындағы ірі жол апатынан зардап шеккен азаматтардың туған-туыстарына жедел ақпарат беру үшін "қауырт желі" іске қосылды. Бұл жайында ҚР Ішкі істер министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Бүгін таңғы сағат 5 шамасында Жамбыл облысының Қордай ауданында, «Алматы-Ташкент» автомобиль жолының 181 шақырымында "Тойото камри" көлігі осы бағытта жүріп бара жатқан жүк көлігіне соғылды. Жол бойымен келе жатқан жолаушылар автобусы аталған көлік құралдарына соқтығысудан қашпақ болып кілт бұрылғанда аударылған. Оқиға орнында 8 адам қаза тапты. 32 адам медициналық мекемеге жеткізіліп, сол жерде алған жарақатынан тағы 3 адам көз жұмды", - деп атап өтті министрліктен.

Ведомство мәліметінше, оқиға орнына Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Б.Орынбеков, облыс прокуроры Ж.Құсайынов, облыстық полиция, төтенше жағдайлар департаменттерінің және қорғаныс ісі басқармасының бастықтары барған. Зардап шеккендерге жедел көмек көрсету үшін облыстық денсаулық басқармасының басшысы М. Жұманқұлов бастаған 3 оташы-дәрігер жеткен.

"Облыс әкімдігі жедел штаб жұмысын ұйымдастырып, облыстық төтенше жағдайлар департаменті психологтар кезекшілік ететін +7(7262) 513575 және +7(7262)514167 "қауырт желісін" іске қосты. Жол-көлік апаты фактісі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-тармағымен қылмыстық іс қозғалды. Ішкі істер министрінің бұйрығымен ІІМ және облыстық полиция департаментінің қызметкерлерінен жасақталған жедел-тергеу тобы құрылды. Автокөлік құралдары жүргізушілерінің кінәсі сот сараптамаларының қорытындысын ескере отырып, тергеу барысында анықталатын болады", - делінген таратылған ақпаратта.

Бұған дейін Жамбыл облысында «Алматы-Ташкент» автожолының бойында ірі жол апаты болып, 11 адам көз жұмғанын хабарлаған едік.

Айта кетерлігі, оқиға орнында зардап шеккендерге көмек көрсету үшін ҚР Қорғаныс министрлігі де әскери қызметшілері мен арнайы техникаларын жіберген. Әскери госпитальға зардап шеккен 8 жолаушы жеткізілген.

Соңғы жаңалықтар