+7 (701) 759 90 19
USD 388.70 EUR 428.70
RUB 6.08 CNY 55.46
Jańalyqtar

Қордайдағы ірі жол апаты: 11 адамның өліміне кінәлі автобус жүргізушісі сотталды

2019 жылғы 6 қараша 11:21
Бөлісіңіз:
Қордайдағы ірі жол апаты: 11 адамның өліміне кінәлі автобус жүргізушісі сотталды

ТАРАЗ. ҚазАқпарат –Жамбыл облысы Қордай ауданындағы бірнеше көлік соқтығысқан жол апаты кезінде он бір жолаушының өліміне кінәлі деп танылған автобус жүргізушісі сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
СҚО-да жолға шығып кеткен жылқының кесірінен 3 жол апаты болған Ақтауда түйемен соқтығысқан көліктегі 4 жасар бүлдіршін қаза тапты Елордада қала маңына қатынайтын автобус бағдарлары тоқтатылды

Жүргізуші ҚР ҚК-нің 345-бабының 4-бөлігімен, яғни, көлiк құралын басқаратын адамның жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан бұзуы бойынша айыпталды.

«Қордай аудандық соты жүргізушінің шынайы өкінгенін, тұрғылықты жері бойынша жақсы мінездемесі бар болғанын, бұрын сотталмағандығын қылмыстық жауапкершілік пен жазаны жеңілдететін мән-жайларға жатқыза отырып, сондай-ақ оның іс-әрекетін ауырлататын мән-жайлардың болмауын есепке алды», - делінген ведомство хабарламасында.

Сот жүргізушіні 5 жылға бас бостандығынан айырып, 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасын тағайындады. Одан жәбірленушілер үшін өтемақы қорына 15 АЕК міндетті төлем өндіріледі.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Еске сала кетейік, 20 сәуірде сағат таңғы 05.00 шамасында «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» тасжолында «Тойота-Камри» маркілі автокөліктің жүргізушісі «Мерседес-Бенц 814» маркілі автокөлікпен соқтығысқан. Осыдан кейін «Тойота-Камри» жол қауіпсіздігінің темір қоршауына тіреліп тоқтайды. Сол бағытта жүріп келе жатқан «Wan Hool» автобусы «Тойота-Камри» автокөлігіне келіп соғылады.

Жүргізуші көлік тізгініне ие бола алмай, автобус аударылады . Ірі жол апатынан автобустың 11 жолаушысы қайтыс болып, екі жолаушы ауыр дене жараланып, сегіз адам орташа дене жарақатын алған.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Жамбыл облысы, Сот, Көлік,
Бөлісіңіз:

Автор:

Ғибрат Сембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT