+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Қордайда тұрғындардың өзекті мәселелерін анықтайтын жоба жасалды

2020 жылғы 29 мамыр 18:52
Бөлісіңіз:
Қордайда тұрғындардың өзекті мәселелерін анықтайтын жоба жасалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қордай ауданында алғаш рет облыстық деңгейде «Бейбітшілік пен келісім» пилоттық жобасы жүзеге асырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жөнінде Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Ержан Жылқыбаев айтып берді.

«Жоба тұжырымдамасына сәйкес 5 топ бекітілді. Олар ақпараттық түсіндіру, әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерді шешу, ауылда бизнесті дамыту, діни мәселелер, құқық қорғау мәселелері бойынша жұмыс істеді. Осы жұмыстардың қорытындысы бойынша арнайы Жол картасы бекітілді. Оның құрамына мемлекеттік, құқық қорғау органдарының, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, сарапшылар қауымдастығы, жергілікті мәслихат депутаттары және т.б. 107 азамат еніп отыр», - деді Ержан Жылқыбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, «Бейбітшілік пен келісім» жобасы барысында 432 шара ұйымдастырылып, оған 14 мыңнан астам адам қамтылған.

«Аталған жобаның тиімділігі аудандағы қоғамдық-саяси ахуалды зерделеуге, тұрғындардың тыныс-тіршілігін, көңіл-күйін, алаңдататын өзекті мәселелерін анықтауға, әлеуметтік көмек көрсетуге және жылдар бойы шешімі табылмаған жүйелі проблемаларды анықтауға мүмкіндік берді. Бұл мәселе ай сайын облыс әкімінің төрағалығымен тиісті басқармалар басшылары тарапынан бақыланады», - деді Е. Жылқыбаев.

Бұған дейін спикер ауданда зардап шеккен 65 нысанның 54-інде қалпына келтіру жұмыстары басталғанын хабарлады.

Асыраушысынан айырылу жағдайына байланысты, қайтыс болған жандардың отбасыларына ай сайын орта есеппен 55 мың теңге әлеуметтік жәрдемақы тағайындалып, төленіп жатыр.

Сонымен бірге, жыл соңына дейін ауданда жол жөнделіп, газ құбыры тартылады. Жаңа мектептер мен тұрғын үйлер салынады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT