+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 454.18
RUB 5.81 CNY 57.66
Jańalyqtar

Қордайда полиция қызметкерлеріне қарсы күш қолдану ісін тергеу аяқталды

2020 жылғы 18 ақпан 12:16
Бөлісіңіз:
Қордайда полиция қызметкерлеріне қарсы күш қолдану ісін тергеу аяқталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қордай ауданының полиция қызметкерлеріне қатысты зорлық-зомбылықты тергеу аяқталды, деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, 2020 жылдың 7 ақпанында Жамбыл облысы Қордай ауданы Сартөбе аулында жол полициясы қызметкерлерінің патрульдеу кезінде Л.Воингуйдің басқаруындағы «Хонда Одиссей» автокөлігі тоқтатылған.

Көліктің тиісті құжаттары болмағандықтан, Л.Воингуйға полиция бөліміне бару ұсынылған.

Алайда, ол офицерлердің талаптарын орындамай, үйіне қарай бет алған және кейіннен ағалары А. Воингуй және М. Воингуймен бірлесіп полиция қызметкерлеріне қарсы зорлық-зомбылық жасаған.

Осы оқиғаның видеосы бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде таратылды.

«Аталған факті бойынша Бас прокуратураның арнайы прокурорымен Қылмыстық кодекстің 380-бабының 1-бөлігі (билік өкіліне қатысты күш қолдану) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілді. Үш айыпталушы өз кінәларын толық мойындап, тергеу сотымен қамауға алынды. Ағымдағы жылдың 14 ақпаны күні қылмыстық іс айыптау актісімен Қордай аудандық сотына жолданды»,-делінген Бас прокуратураның хабарламасында.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT