Қордайда ҚР Қарулы Күштерінің әскери парады өтеді

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысы Қордай ауданындағы «Отар» әскери базасының аумағында ҚР Қарулы Күштерінің әскери парадына дайындық жүріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Нұрлан Ермекбаев пен әскери ведомство басшысы 7 мамыр күні «Отар» 40-шы әскери базасы аумағында әскери парад өткізу мәселесін талқылады.

«Әскери қызметтің имиджі мен беделін арттыру мақсатында Тараз қаласы қорғаныс істері басқармасы «Отанға қызмет - абыройлы міндет!» акциясын өткізді», - дейді Жамбыл облыстық қорғаныс істері департаментінің өкілдері.

Еске сала кетсек, 2013 жылы «Отар» 40-шы әскери базасында Қазақстан Қарулы Күштері тарихында алғаш рет әскери парад өткен болатын. Шараға Қазақстан Президенті - ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев қатысты.

Соңғы жаңалықтар