Қордайда ауыл әкімі мен есепші бюджет қаржысын жымқырды деп айыпталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жамбыл облысы Қордай ауданы ауылдық округінің әкімі мен есепшісіне қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-ші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қордай ауданы ауылдық округ әкімі мен есепшісіне қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр. Олар кәсіпкерлік субъектілерін алдау арқылы олардың есепшотын пайдаланып, қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырып, кейіннен жымқыру үшін әкімдік қажеттіліктеріне қызмет көрсетуге және тауар-материалдық бұйымдарды сатып алуға арналған 1,8 млн теңге сомасында бюджет қаражатын жымқыру күдігіне ілінді», - деді Д. Бигайдаров Facebook апарақшасында өткен онлайн брифингте.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.


Соңғы жаңалықтар