Қордай шекарасынан 275 келі зергерлік бұйымдарды өткізбек болғандар ұсталды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҰҚК Шекара қызметі Жамбыл облысының «Қордай» автомобильдік өткізу пунктінде Қазақстанның екі азаматының ірі көлемде зергерлік бұйымдарды кіргізу әрекетінің жолын кесті. Бұл туралы ҚазАқпарат ҰҚК сілтеме жасап хабарлайды.

Шекаралық тексеру барысында автокөлік салонында жалпы салмағы 275 келі зергерлік бұйымдар салынған 8 жол сөмкесі анықталды.

Зергерлік бұйымдар Қаржы министірлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің аймақтық бөлімшелеріне одан әрі тексерістер жүргізу үшін берілді.


Фото: facebook.com/knbgovkz

Соңғы жаңалықтар