+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Қордай оқиғасы кезінде қираған нысандар күзге дейін жөнделеді – әкімдік

2020 жылғы 29 мамыр 17:47
Бөлісіңіз:
Қордай оқиғасы кезінде қираған нысандар күзге дейін жөнделеді – әкімдік

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Ержан Жылқыбаев Қордай ауданын қалпына келтіру және дамыту шаралары туралы баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Өскеменде автобус пен жеңіл көлік соқтығысты Шығыс Қазақстанда дала өрті 50 гектар аумақты шарпыды Шымкентте Азиядағы ең ірі ату спорт кешені салынып жатыр

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, Үекіметтің қадағалауымен Қордай ауданында төтенше жағдай салдарынан бүлінген нысандарды қалпына келтіру, жөндеу жұмыстары бүгінде қарқынды жүріп жатыр. Әрбір қалпына келтіру нысанын анықтап, заңға сәйкестігін тексеріп, олардың құрылыс барысын зерделеп, уақытылы аяқтауды қадағалау үшін облыста тиісті жұмыс тобы құрылды. Бұл комиссияға белсенді азаматтар, мәслихат депуттары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері кіріп отыр», - деді спикер Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, Қордай ауданында бұзылған 65 нысанның 54-інде, оның ішінде 45 тұрғын үй, 13 коммерциялық нысанда 30 сәуірден бастап қалпына келтіру жұмыстары басталып кетті. Онда тиісті мердігерлер жұмыс атқарып жатыр.

«Осыған қарай, 5 адамнан құрылған «Шивон» қоғамдық қайырымдылық қоры құрылды. Демеушілер есебінен осы қорға бүгінде 104 млн теңге қаражат аударылды. Қазіргі таңда 6 нысанда жұмыс толық аяқталды. Қалғанын тамыз айының соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр. Одан бөлек, орташа зардап шеккен, күрделі жөндеуді қажет етпейтін 103 нысан да демеушілер көмегімен қалпына келтірілді», - деді Е. Жылқыбаев.

Еске сала кетсек, 7 ақпан күні Жамбыл облысы Қордай ауданындағы Масанчи ауылының тұрғындары арасында жаппай төбелес болды.

Оқиға орнында 8 адам, ауруханада 2 адам көз жұмды.

Жамбыл облысының Қордай ауданында ұлтаралық татулық пен келісімді сақтау және нығайтуға бағытталған «Бейбітшілік пен келісім» атты жаңа жоба қол алынды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT