+7 (701) 759 90 19
USD 408.61 EUR 454.09
RUB 5.86 CNY 57.28
Jańalyqtar

Қордай оқиғасы: Бердібек Сапарбаев күдіктілердің туыстарымен кездесті

2020 жылғы 28 наурыз 20:20
Бөлісіңіз:
Қордай оқиғасы: Бердібек Сапарбаев күдіктілердің туыстарымен кездесті

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Қордай ауданындағы тәртіпсіздіктерге қатысы бар деген күдікпен ұсталған азаматтардың туыстарымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат аймақ басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сортөбе ауылында өткен кездесуге облыс прокуроры Нұрғалым Әбдіров, ҰҚКД бастығы Марат Ирменов, Полиция департаментінің басшысы Жанат Сүлейменов қатысты.

Бердібек Сапарбаев ұсталғандардың туыстарының өтініштеріне құлақ түріп, оларды құқық қорғау органдары міндетті түрде назарға алатынын жеткізді. Аймақ басшысы барлығы заң аясында шешілуі тиіс екендігін атап өтті.

«Орын алған қайғылы оқиғадан 11 адам ажал құшып, екі жүзге жуық адам жарақат алды. Азаматтарымыздың мүліктері зақымдалды. Екі ай бойы құқық қорғау органдары тергеу амалдарын жүргізді. Арнайы операция барысында күдіктілер ұсталды. Егер біреу заңды бұзса және оның кінәсі дәлелденсе, ол тиісті жазасын алуы тиіс. Барлығы заң аясында болуы керек. Бұл мәселе бойынша түпкілікті шешімді сот қабылдайтын болады», - деп атап өтті Б. Сапарбаев.

Облыс әкімі жиналғандарды тәртіп пен заңдылықты сақтауға шақырып, түрлі арандатуларға жол бермеулерін сұрады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қажы Мұрат

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT