«Қордай» кеденіне жаңа басшы тағайындалды

None
None
АСТАНА. 18 ақпан. ҚазАқпарат - Еліміздің Бас кеденшісі Мәжит Есенбаев өткен сенбіде Жамбыл облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің «Қордай» кеденінде болып, жеке құраммен кездесті.

Бұл туралы департаменттің баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесуге облыстық Кедендік бақылау департаментінің бастығы Ерлан Өмірзақов пен ҚР ҚМ КБК Ішкі қауіпсіздік басқармасының бастығы Төлеген Сүнтаев қатысты.

М. Есенбаев «Қордай» кеденінің жаңа басшылығымен таныстырды. Осыған дейін ҚР ҚМ КБК Кедендік бақылауды ұйымдастыру басқармасы бастығының орынбасары болған Талғат Серікұлы Райханов «Қордай» кеденінің бастығы болып тағайындалды.

Аян Қырғызбайұлы Сауранбаев Астана қаласы бойынша КБД Кедендік бақылауды ұйымдастыру басқармасы бастығының орынбасары лауазымынан «Қордай» кедені бастығының орынбасарлығына ауысты.

Сондай-ақ М. Есенбаев «Қордай» кедені бастығының орынбасары Тұрсынбек Өмірәліұлы Ермековтың қызметінен босатылып, Департамент қарамағында қалатындығын айта келе, осы кезге дейінгі атқарған жұмысы үшін алғыс айтты. Ал Ризабек Орынбекұлы Калиаждаровқа Жамбыл облысы бойынша КБД «Қордай» кедені бастығының орынбасары лауазымынан өз еркімен кетуі туралы өтінішін жазуды бұйырды.

ҚР ҚМ КБК төрағасы Жамбыл облысы бойынша КБД «Қордай» кеденінің барлық жеке құрамына қызметтік кәсіби мамандықтарын көтерумен бірге сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейтуді қатаң ескертті.

Соңғы жаңалықтар