Қор нарырығында доллар 460 теңгеден саудаланып жатыр

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Ұлттық банк доллар мен рубльдің 20 наурызға арналған бағамын белгіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атап айтқанда, 1 доллар құны – 460,79 теңге, Ресей рублінің орташа сараланған бағамы - 6,02 теңге. 17 наурыз кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 5, 69 теңгеге төмендеп, 460, 21 теңге болған.

Ресей валютасы 6 теңге болды. Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 457 – 460 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар 458– 462 теңге аралығында құбылып тұр.

Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасын 5,75 – 6 теңгеге сатып алуға болады. Астанада рубль 5,84 -6,9 теңгеден саудаланып жатыр.


Соңғы жаңалықтар