Қор нарығындағы доллар мен рубль бағамы белгіленді

2022 жылғы 29 желтоқсан, 09:21
Қор нарығындағы доллар мен рубль бағамы белгіленді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Ұлттық банк доллар мен рубльдің 29 желтоқсандағы ресми бағамын белгіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атап айтқанда, 1 доллар құны – 461, 23 теңге, Ресей рублінің орташа сараланған бағамы - 6,49 теңге. 28 желтоқсан кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,93 теңгеге қымбаттап, 461, 51 теңге болған.

Ресей валютасы 6,52 теңге болды. Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 464 – 468 теңгеден сатылып жатыр.

Ал Алматыда доллар 462 –467 теңге аралығында құбылып тұр. Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасын 6,15– 6,45 теңгеге сатып алуға болады.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar