Қор нарығында рубль бағамы тағы төмендеді

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматы мен Астананың ақша айырбастау пункттерінде Ресей валютасының теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Алматыдағы ақша айырбастау орындарында көрші ел валютасы 4,87- 4,98 теңге аралығында сатылып жатыр.

Ал, Астанада 4,85 -4,93 теңге аралығында құбылып тұр.
Еліміздегі үшінші мегаполис Шымкентте Рессей рублінің құны – 4,91 -4,95 аралығында.
10 шілде кешкі сауда қорытындысы бойынша, Ресей валютасының орташа бағамы 4,92 теңге болған.
Ұлттық банктің 11 шілдедегі ресми бағамы – 1 рубль 4,85 теңге.
АҚШ ақшасы 442-447 аралығында саудаланып жатыр.
Айта кетейік, маусым айының соңындағы Ресейдегі жағдайға байланысты Қазақстанның ақша айырбастау орындарында ресейлік валюта бағамы тұрақсыз болып тұр.


Соңғы жаңалықтар