Қор нарығында доллар үшінші күн қатарынан қымбаттап жатыр

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 1,54 теңгеге қымбаттады.
Бір АҚШ долларының орташа бағамы 473, 54 теңге.
Ұлттық банктің 7 желтоқсандағы ресми бағамы – 1 долларға 472, 33 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы – 474,5 теңге, сатып алу – 478 теңге.
Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 472,5 теңгеден болса, сатып алу құны – 475 теңге.
Ресей рублі 7,29 - 7, 35 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Айта кетпейік, Қор нарығында доллар үшінші күн қатарынан қымбаттап жатыр.


Соңғы жаңалықтар