Қор нарығында доллар тағы қымбаттады

2023 жылғы 16 наурыз, 15:48
Қор нарығында доллар тағы қымбаттады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 1,39 теңгеге қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы 466, 15 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған құны - 6,14 теңге.

Ұлттық банктің 16 наурыздағы ресми бағамы – 1 долларға 464, 79 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы – 462 теңге, сатып алу – 467 теңге.

Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 461,5 теңгеден болса, сатып алу құны – 464,5 теңге.

Ресей рублі 5,95 - 6, 2 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Айта кетейік, Қор нарығында теңге өткен аптадан бері құнсыздануда.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar