Қор нарығында доллар тағы арзандады
2022 жылғы 20 қаңтар 11:21

Қор нарығында доллар тағы арзандады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындыы бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы арзандады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Таңғы сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 19 қаңтар кешімен салыстырғанда 0,42 теңгеге төмендеп, 1 доллар 434, 06 теңге болды.

Ұлттық банктің 20 қаңтардағы ресми бағамы – 1 долларға 434, 48 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 436, 74 теңге, сатып алу – 437, 51 теңге.

Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 436,43 теңгеден болса, ал сатып алу құны – 437, 50 теңге.


Автор:
Тілші

Jańalyqtar

MURAǴAT