Қор нарығында доллар тағы 7 теңгеге арзандады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 7, 13 теңгеге арзандап, 1 доллар 427, 84 теңге болды.

Ұлттық банктің 13 мамырдағы ресми бағамы – 1 долларға 434, 76 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 432, 42 теңге, сатып алу – 438, 41 теңге.

Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 432 теңгеден болса, ал сатып алу құны – 435,42 теңге.


Соңғы жаңалықтар