Қор нарығында доллар тағы 7,47 теңгеге арзандады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 7, 47 теңгеге арзандады. 1 доллар 434, 97 теңге болды.

Ұлттық банктің 12 мамырдағы ресми бағамы – 1 долларға 442, 61 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 435, 75 теңге, сатып алу – 440, 48 теңге.

Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 435,20 теңгеден болса, ал сатып алу құны – 438 теңге.


Соңғы жаңалықтар