Қор нарығында доллар сәл арзандады
2022 жылғы 15 тамыз 16:07

Қор нарығында доллар сәл арзандады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы төмендеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 0,09 теңгеге төмендеп, 1 доллар 476, 18 теңге болды. Ұлттық банктің 15 тамыздағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 476, 01 теңге. Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 476,5 теңге, сатып алу – 480 теңге.

Ал, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы – 474 теңгеден болса, сатып алу – 478 Ресей рублі 7,35- 7,45 теңге аралығында саудаланып жатыр.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT