Қор нарығында доллар мен рубль қымбаттап жатыр

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – ҚР Ұлттық банкі доллардың теңгеге шаққандағы бүгінгі ресми бағамын бекітті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Kurs.kz дерегінше, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 474 – 477 теңгеден сатылып жатыр.

Ал Алматыда доллар бағамы 475– 479 теңге аралығында құбылып тұр.

7 желтоқсан кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,51 теңгеге қымбаттап, 473, 51 теңге болды.

Ұлттық банктің 8 желтоқсандағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 473, 54 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған құны - 7,53 теңге.

Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 7,17– 7,35 теңге аралығында саудаланып жатыр.


Соңғы жаңалықтар