Қор нарығында доллар қымбаттады
2022 жылғы 7 шілде 15:48

Қор нарығында доллар қымбаттады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 8,46 теңгеге көтерілді.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 477,24 теңге.

Ұлттық банктің 7 шілдедегі ресми бағамы – 1 долларға 469,26 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы – 474,72 теңге, сатып алу – 480,00 теңге.

Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы – 472 теңгеден болса, сатып алу құны – 475, 70 теңге.

Бұған дейін Алматыда доллар бағамы 470-477 теңге аралығында құбылып тұрғаны туралы жазған болатынбыз.
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT