Қор нарығында доллар құны 2,83 теңгеге төмендеді

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы тағы төмендеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар 2,83 теңгеге арзандап, 1 доллар 453, 39 теңге болды.
Айта кетейік, Ұлттық банктің 28 сәуірдегі ресми бағамы – 1 доллар үшін 456, 21 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 451,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу – 454 теңге.
Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 449 теңгеден болса, сатып алу – 453 теңге.
Алматыда Ресей рублі 5,45 – 5,65 теңге аралығында, Астанада 5,42 - 5,52 теңге аралығында саудаланып жатыр.


Соңғы жаңалықтар