Қор нарығында доллар күннен-күнге арзандап жатыр

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,08 тиынға арзандады. 1 доллар - 443, 99 теңге болды.

Ұлттық банктің 22 сәуірдегі ресми бағамы – 1 долларға 444, 04 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллардың сату бағамы - 444, 41 теңге, сатып алу – 448 теңге.

Ал, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы - 443,87 теңгеден болса, сатып алу құны – 446, 39 теңге.


Соңғы жаңалықтар