Қор нарығында доллар қайта қымбаттап жатыр

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 2,59 теңгеге қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы - 441, 12 теңге.

Ұлттық банктің 9 наурыздағы ресми бағамы – 1 долларға 438, 57 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған құны - 5,81 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы – 443 теңге, сатып алу – 447 теңге.

Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 442,5 теңгеден болса, сатып алу құны – 446 теңге.

Ресей рублі 5,65 - 5, 95 теңге аралығында саудаланып жатыр.


Соңғы жаңалықтар