Қор нарығында доллар екінші күн қатарынан арзандап жатыр

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы төмендеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, 1 доллар құны 0,74 теңгеге арзандап, 448,31 теңге болды.Айта кетейік, Ұлттық банктің 19 мамырдағы ресми бағамы – 449, 19 теңге.Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 446,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу – 449,5 теңге. Ал Астана қаласы бойынша сату – 445 теңгеден болса, сатып алу – 449,9 теңге. Алматыда Ресей рублі 5,55 – 5,75 теңге, Астанада 5,55 - 5,65 теңге аралығында ұсынылуда.
Соңғы жаңалықтар