Қор нарығында доллар бірден 9 теңгеге арзандады

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы тағы арзандады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 8, 92 теңгеге арзандады. 1 доллар 462, 91 теңге болды.

Ұлттық банктің 5 сәуірдегі ресми бағамы – 1 долларға 472, 76 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 462, 35 теңге, сатып алу – 467, 13 теңге.

Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 462,17 теңгеден болса, ал сатып алу құны – 467,11 теңге.


Соңғы жаңалықтар