Қор нарығында доллар бағасы қанша

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысына сәйкес, доллар 0,45 теңгеге қымбаттап, 1 АҚШ долларының орташа құны 449, 69 теңге болды.

Ұлттық банктің 17 мамырдағы ресми бағамы – 1 долларға 449, 13 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5,61 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктерінде доллар 448,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу – 451,5 теңге.

Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 445,5 теңге, сатып алу – 448,8 теңге.

Ресей рублі 5,45 - 5,75 теңге аралығында ұсынылуда.


Соңғы жаңалықтар