Қор нарығында доллар бағасы 6 теңгеге қымбаттады

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, теңгенің 1 долларға шаққандағы бағамы қайта өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Таңғы сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 30 наурыз кешімен салыстырғанда 6,34 теңгеге өскен.

АҚШ долларының орташа бағамы 465, 49 теңге болды.
Ұлттық банктің 31 наурыздағы ресми бағамы -1 доллар үшін 558,20 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, бүгінде Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 461,17 теңгеден сатылса, сатып алу – 466,21 теңге.
Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пунктілерінде доллар 462, 97 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу құны – 467, 03 теңге.
Соңғы жаңалықтар