Қор нарығында доллар бағасы 5 теңгеге арзандады
2023 жылғы 17 наурыз, 16:05

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы төмендеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 5,11 теңгеге төмендеп, 1 доллар 460, 79 теңге болды.
Айта кетейік, Ұлттық банктің 17 наурыздағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 466, 15 теңге болды. Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 457 теңге, сатып алу – 461 теңге. Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 457 теңгеден болса, сатып алу – 460,5 Алматыда Ресей рублі 5,9 – 6,15 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 5,85 - 5,95 теңгеден сатылуда.
Теги:
Сондай-ақ... оқыңыз
Серіктестер жаңалықтары
TOP