Қор нарығында доллар бағамы тағы 4 теңгеге төмендеді

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы тағы төмендеді. Осылайша доллар екі күнде 10 теңгеге арзандап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 4,45 теңгеге төмендеп, 1 доллар 431,08 теңге болды.
Айта кетейік, Ұлттық банктің 3 наурыздағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 435, 69 теңге болды.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 432 теңге, сатып алу – 436 теңге.
Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 432 теңгеден болса, сатып алу – 435,5
Алматыда Ресей рублі 5,65 – 5,9 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Астанада көрші ел валютасы 5,62 - 5,72 теңгеден сатылуда.

Айта кетейік, кеше қор нарығында доллар бағамы бірден 6 теңгеге арзандағанын жазған едік.


Соңғы жаңалықтар