Қор нарығында доллар бағамы көтерілді

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар 0,61 теңгеге қымбаттап, 1 АҚШ долларының орташа құны 480,16 теңге болды.

Ұлттық банктің 27 шілдедегі ресми бағамы – 1 долларға 479, 83 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы – 481 теңге, сатып алу – 485,5 теңге.

Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы – 477 теңгеден болса, сатып алу құны – 481 теңге.

Ресей рублі 7,15- 7,65 теңге аралығында саудаланып жатыр.


Соңғы жаңалықтар