Қор нарығында доллар бағамы арзандап жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы төмендеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда, доллар бағамы 8 желтоқсан кешімен салыстырғанда 1, 14 теңгеге құлдырап, 1 доллар 433, 32 теңге болды.

Ұлттық банктің 9 желтоқсандағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 434, 46 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 435, 10 теңге, сатып алу – 436, 72 теңге.
Ал Нұр-Сұлтан қаласында сату бағамы 435, 47 теңгеден болса, сатып алу құны – 436, 58 теңге.

Соңғы жаңалықтар