Қор нарығында доллар бағамы арзандады
2022 жылғы 28 қаңтар 11:15

Қор нарығында доллар бағамы арзандады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы арзандады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Таңғы сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 27 қаңтар кешімен салыстырғанда 0,66 тиынға төмендеп, 1 доллар 433, 68 теңге болды.

Ұлттық банктің 28 қаңтардағы ресми бағамы – 1 долларға 434, 38 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 435,47 теңге, сатып алу – 436, 76 теңге.

Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 435,14 теңгеден болса, ал сатып алу құны – 436,41 теңге.


Автор:
Тілші

Jańalyqtar

MURAǴAT