Қор нарығында доллар бағамы арзандады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы төмендеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 9 шілде кешімен салыстырғанда 1,51 теңгеге арзандап, 1 доллар 427, 73 теңге болды.

Ұлттық банктің 12 шілдедегі ресми бағамы – 1 доллар үшін 429, 34 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 427,45 теңге, сатып алу – 428,96 теңге.

Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 427,64 теңгеден болса, ал сатып алу құны– 428,79 теңге.


Соңғы жаңалықтар