Қор нарығында доллар бағамы 461 теңге болды

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы сәл төмендеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 0,03 теңгеге төмендеп, 1 доллар 461,37 теңге болды.

Айта кетейік, Ұлттық банктің 26 қаңтардағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 461, 41 теңге болды.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллардың сату бағамы – 460 теңге, сатып алу – 464 теңге.

Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 459,5 теңгеден болса, сатып алу – 462,5.

Ресей рублі 6,35 – 6,65 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Айта кетейік, Қор нарығында доллар бағамы төртінші күн қатарынан арзандап жатыр.


Соңғы жаңалықтар