Қор нарығында доллар бағамы 3,63 теңгеге арзандады

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы төмендеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 3,63 теңгеге төмендеп, 1 доллар 455 теңге болды.

Айта кетейік, Ұлттық банктің 28 наурыздағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 458, 87 теңге болды.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 453 теңге, сатып алу – 457 теңге.

Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 451,9 теңгеден болса, сатып алу – 454,9

Алматыда Ресей рублі 5,85 – 6,1 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Астанада көрші ел валютасы 5,82 - 5,87 теңгеден сатылуда.


Соңғы жаңалықтар