Қор нарығында доллар бағамы 10 теңгеге арзандады

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Доллардың теңгеге қатысты бағамы арзандады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 9, 93 теңгеге төмендеді.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы 495, 43 теңге.

Ұлттық банктің 24 наурыздағы ресми бағамы – 1 долларға 505, 22 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы – 492 теңге, сатып алу – 496 теңге.

Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы – 490 теңгеден болса, сатып алу құны – 496 теңге.


Соңғы жаңалықтар