Қор нарығында доллар аздап арзандады

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы сәл арзандады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Таңғы сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 28 ақпан кешімен салыстырғанда 0,26 тиынға төмендеп, 1 доллар 494, 74 теңге болды.

Ұлттық банктің 1 наурыздағы ресми бағамы – 1 долларға 495 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 490, 79 теңге, сатып алу – 496,31 теңге.

Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 489,42 теңгеден болса, ал сатып алу құны – 494,49 теңге.


Соңғы жаңалықтар